Жыл басынан бері 60 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 8 айдың қорытындысы бойынша 60 млн тонна мұнай мен конденсат өндірілді. Бұл туралы Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға жоғары және 8 айдың жоспарынан 3,7 пайыз өсім көрсетті. Оның ішінде үш ірі жоба бойынша мұнай өндіру көлемі 35,8 млн тоннаны құрады. Қашағанда - 8,4 млн тонна, бұл өткен жылмен салыстырғанда 166 пайыз, Теңізде - 19 млн тонна, өткен жылмен салыстырғанда 101 пайыз, Қарашығанақта - 8,4 млн тонна мұнай өндірілді», - деді ол.

Министрдің айтуынша, Теңіз, Қарашығанақ және Қашағандағы тамыз-қыркүйекте жоспарланған регламенттік жөндеу жұмыстарына байланысты мұнай өндірудің өсу қарқыны осы айларда біршама төмендеген. 

«Алайда, келесі төртінші тоқсанда өсу қарқыны қалпына келеді деп күтілуде. Мұнай экспортының көлемі 48,4 млн тоннаға жетті. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,7 пайызға артық. Мұнай өңдеу көлемі 10,4 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп, жоспарланған 0,1 пайыз өсім бар. Үш мұнай өңдеу зауытында 7,3 млн тонна мұнай өңделді. Былтырмен салыстырғанда 2,8 пайыз, 8 айдың жоспарынан 3 пайыз артып отыр. Ішкі мұнай өнімдерінің нарығы тұрақты. Жанар-жағармай тапшылығы орын алған жоқ», - деді Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар