Жыл басынан бері 46 млрд теңгеге қаржылық бұзушылық фактілері анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 4 айда 46 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 4 айында камералдық бақылаумен 5 трлн теңге сомаға жуық 175 мың мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындысы бойынша 26 836 рәсім бұзушылық анықталды. Оның ішінде оларды жою туралы хабарламалардың 90 пайызын мемлекеттік аудит объектілері орындады», - деді ол.

Қаржы министрінің дерегінше, 684 аудиторлық іс-шара өткізілді. Шамамен 303 млрд теңге бюджет қаражатына аудит жасалды.

«Сомасы 46 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Тауарларды жеткізу, қызметтерді көрсету мен жұмыстарды орындау, бюджетке өтеу және есепке алу жолымен 31 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды. Аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 692 ұсыным берілді», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар