Жыл басынан бері 3 мыңға жуық жасөспірімдер қылмысы тіркелді - ІІМ

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл басынан бері 3 мыңға жуық жасөспірімдер қылмысы тіркелді.

 Бүгін ҚР Парламенті Сенатында  ҚР азаматтарының заңды құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша өткен Үкімет сағаты барысында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстарға ерекше назар аударып келеді. Статистикаға келетін болсақ, ағымдағы жылы жасөспірімдер тарапынан жасалған 3 мыңға жуық қылмыс тіркелді. Оның ішінде мыңға тарта қылмыс ауыр және аса ауыр қылмыстар қатарына жатқызылған. Атап айтқанда, бұның 42-сі - кісі өлтіру, 129-ы - қарақшылық шабуыл, 700-ге тарта  тонау мен мыңға жуық ұрлық қылмыстары  болып отыр. Жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстардың жартысына жуығы мектеп, гимназия мен лицей оқушыларына тиесілі», деді С. Баймағанбетов.  Оның айтуынша, бүгінгі күні ІІМ мектеп инспекторларын дамытуға күш салып отыр. Өңірлерде  1 мың 500-ге тарта осындай инспекторлар жасақталған.   

Сонымен бірге, министр елімізде жасалатын қылмыстар арасында тұрмыстық қылмыстардың үлес салмағы үлкен екендігіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, кісі өлтіру мен ауыр жарақат салу қылмыстарының  70 пайызға жуығы тұрмыстық сипат алады екен.  

Соңғы жаңалықтар