Жыл басынан бері 284 мың адам кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға биыл 284 мың адам қатысты, 233,3 мың адам жұмысқа орналасты. Оның 131,3 мыңы тұрақты жұмыс істеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, ж ұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіптік оқытуға 5,6 мың адам жіберілді. Өз кәсібін бастау үшін 1,5 мың адам мемлекеттік грант алды.

«Субсидияланатын жұмыс орындарына 102 мың адам орналасты. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен - 12,1 мың, жастар практикасымен - 9,7 мың, қоғамдық жұмыстармен - 77,7 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында - 1,4 мың, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында - 182 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 816 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ қызмет саласын таңдау мақсатында 34 мыңнан астам адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті», - деп жазды министрліктенү

Еске салайық, бұған дейін халықты жұмыспен қамтуға арналған шаралар Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. 2021 жылы бағдарламаға 651,8 мың адам қатысты.

Бұдан бөлек, «Еңбек» бағдарламасындағы бағыттардың бірі аясында жұмыс күші көп аймақтардан жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға көшірілді.



Соңғы жаңалықтар