Жыл басынан бері 15 мың шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында жыл басынан бері елге қанша шетелдік кіргенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басныан бері елімізге шамамен 4,5 млн шетелдік кіріп, 4,3 миллиондай адам шыққан. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 15 мың шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылған. Оның ішінде 1600 шетелдік елден шығарылған», - деп жазылған жауапта.

Сондай-ақ, көші-қон заңнамасын бұжған 6,7 мың қазақстандық пен 700-дей отандық жұмыс беруші әкімшілік жаза арқалаған.

«Оқу-ағарту министрлінің дерегі бойынша, кейінгі 5 жылда 730 мың оқушы 11 сыныпты тәмамдаған. Олардың 475 мыңы Қазақстанның жоғары оқу орындарына түссе, 37 мыңдайы шетелдік жоғары оқу орындарын таңдаған», - деп жазады Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар