Жыл басынан бері 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам портал арқылы көмек алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 138 мыңнан астам мүгедектігі бар адам көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, 107,3 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 6,1 мың ымдау тілі және 25 мың адам жеке көмекшінің қызметін алды.

Бүгінгі күні Порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 849 медициналық-әлеуметтік мекеме (бөлімшелер), 378 ОТҚ жеткізуші, 26 мыңнан астам жеке көмекші, 685 ымдау тілі және 105 санаторлық-курорттық емдеу қызметтерін жеткізуші тіркелген.

Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.

Айта кетсек, мүгедектігі бар адамдарға берілетін оңалту құралдары – протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар.

Порталды пайдалану бойынша кеңес алу үшін қолдау байланыс орталығына, яғни 1414 бірыңғай нөміріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар