Жыл басынан бері 136 мың әйелдің босануына медсақтандыру есебінен қаржы төленген

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда жалпы босанғандардың үштен екісіне әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінен 14,1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәселен, бірінші жартыжылдықта босандыру ақысына 19 млрд 244 млн теңге төленді. Бұл соманың 70% астамы - МӘМС пакетінің қаражаты, ал 26% - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі есебінен төленді.

Бірінші жартыжылдықта еліміздегі медициналық ұйымдарда ТМККК пен МӘМС аясында 185 мың әйел босанды, оның 34 мыңы ауыр жағдайда босанды.

Медициналық ұйымдардағы босану құны босанудың ауырлығына және қосымша ауруларға байланысты 85-100 мың теңгеге дейін бағаланады. Жедел көмек көрсетілсе тариф қосымша аурулардың ауырлығына байланысты 153-тен 230 мың теңгеге дейін жетеді.

Сондай-ақ, босануы қиын болған аналарға жасалған операцияның ақысын да Қор төлейді, мұндай жағдайда бір науқастың емінің құны 579 мың теңге болады.

Дені сау туған нәрестеге арналған медициналық көмек босандыру шығыстарына кіреді.

Егер балаға қосымша медициналық көмек қажет болса, ол да тегін көрсетіледі, өйткені 18 жасқа дейінгі балалар мемлекет тарапынан қорғалады және мемлекет жарнасын төлейтін 15 жеңілдік санатына кіреді.

Жеңілдік жасалған санаттарға жүкті әйелдер, 3 жасқа толмаған балаларды күтетін декреттік демалыстағы әйелдер кіреді.

Тамызда Қазақстанда жоспарлы медициналық көмек көрсету қайта басталады.


Соңғы жаңалықтар