+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Жыл басынан бері 12 қостанайлық мемқызметкер жауапқа тартылды

2021 жылғы 23 шілде 11:45
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері 12 қостанайлық мемқызметкер жауапқа тартылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында Әдеп жөніндегі кеңестің отырыстарында жылдың басынан бері 32 мәселе қаралды, 12 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО тұрғынынан қару-жарақ арсеналы тәркіленді Жалған террористік акті мемлекетке қанша шығын әкеледі Қазақстанда жасөспірімдер арасында қылмыс азайып келеді

«32 мәселенің 20-сы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында туындайтын мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі саласындағы алдын алу мен жүйелі проблемаларды шешуге жіберілді. Әдеп жөніндегі кеңес 12 мемлекеттік қызметкерге қатысты 12 тәртіптік жауапкершілікті қарастырды. Осылайша, 12 мемлекеттік қызметкердің ішінде екеуі жұмыстан шығарылды, бір қызметкердің лауазымы төмендетілді, үш мемлекеттік қызметкер қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту алып, бір адамға сөгіс жарияланды, тағы бір мемлекеттік қызметкер ескерту алды», - деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментінің жетекшісі Асхат Искендіров.

Тәртіптік жауапқа екі аудан әкімі, облыстық аумақтық инспекциялардың екі басшысы, аудан әкімінің екі орынбасары, ауылдар мен кенттердің үш әкімі, бөлімдердің үш жетекшісі мен бір бөлім жетекшісінің орынбасары тартылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қостанай облысында жеті мемлекеттік қызметкердің қылмыстық жауапқа тартылғаны туралы хабарланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT