Жыл басынан бері 12 адамды пойыз басып кеткен
2022 жылғы 12 тамыз 23:12

Жыл басынан бері 12 адамды пойыз басып кеткен

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы жеті айда теміржолдарда 12 адам басу оқиғасы тіркелді. Соның 8-і өліммен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«10 жағдайда зардап шеккендер теміржолды рұқсат етілмеген

жерден, жақындап келе жатқан пойыз алдынан кесіп өтпек болған. Бір

жағдай – өз-өзіне қол салу. Тағы бір жағдайда, темір жолмен келе жатқан адам құлаққаппен музыка тыңдаған.

Пойыз машинистері қаңтар-шілде аралығында темір жолдағы қайғылы

жағдайлардың алдын алу үшін 118 шұғыл тежеу қолданды. Оның ішінде,

станцияларда 30 реттен артық, ал аралықтарда 80 рет.

Темір жол өткелдерінде 16 жол-көлік оқиғасы болды. Автомобильдің локомотивпен соқтығысуының барлық жағдайы автокөлік құралдары жүргізушілерінің кінәсінен.

Пойыздар жылдамдығы сағатына 120-140 км жетеді, тежегіш жолдың ұзындығы 800-1000 метрден асады, сондықтан локомотив бригадалары пойызды бірден тоқтата алмайды. Пойыздың нақты белгіленген жолы бар екенін, ол бұрылып кете алмайды немесе кедергілерді айналып өте алмайды», - делінген ақпараттық хабарламада.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT