+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жыл басынан бері 1 млн қазақстандық жаңа жұмыспен қамтылды

2021 жылғы 26 қазан 10:13
Бөлісіңіз:
Жыл басынан бері 1 млн қазақстандық жаңа жұмыспен қамтылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері жұмыспен қамту шараларымен 1 миллионнан астам қазақстандық қамтылды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Үкімет отырысында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Индустрия министрі: Өңдеу өнеркәсібінде 100 мыңнан астам жұмыс орны ашылады Министр Атамқұлов тұрғын үй бағасына болжамын айтты СҚО-да 4,6 мың адам жұмыссыз ретінде ресми есепте тұр

Министрдің айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда еңбек нарығы біртіндеп қалпына келіп жатыр және оның негізгі көрсеткіштері оң қарқын көрсетуде.

«Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, биылғы 2 тоқсанда жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты. Салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың қатарында қызмет көрсету саласының үлесі басым», - деді Еңбек министрі.

Пандемия басталғаннан бері жұмыс берушінің бастамасымен уақытша жұмыспен қамтылмағандар саны 12,3 есеге кеміді. Ең бастысы, жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, ал жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеп, 3,7%-ды құраған.

«Жалпы, биыл 1,2 млн адамды жұмыспен қамту шаралары жоспарланған. Оның ішінде 700 мың адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, 42 мың адам – Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында және 440 мың жаңа жұмыс орындарын құру қарастырылған. Қазіргі уақытта осы 3 бағыт бойынша 1 миллионға жуық адам қолдау шараларымен қамтылды», - деді С. Шәпкенов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT