Жыл басынан бергі 4 айдағы салық түсімі былтырғыдан 1,6 есеге көп

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бергі 4 айда мемлекет бюджетінен 4 917,2 млрд теңге салық түсті. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе көп, деп хабарлайды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

2022 жылғы 4 айда Мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 110,1% орындалды. Бекітілген жоспар - 4 466,4 млрд. теңге, ол 450,8 млрд. теңгеге асыра орындалып, 4 917,2 млрд. теңге түсті. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,6 есе немесе 1 873,5 млрд теңгеге көп түскен.

Оның ішінде:

- Республикалық бюджет 100,7% орындалды (жоспар бойынша 3 290,9 млрд.теңге, ол 23,9 млрд. теңгеге асыра орындалып 3 314,8 млрд. теңге түсті), өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,8 есе немесе 1 494,5 млрд. теңгеге өсті.

- Жергілікті бюджет 136,3% орындалды (жоспар бойынша 1 175,5 млрд.теңге, ол 427,0 млрд. теңгеге асыра орындалды 1 602,5 млрд. теңге түсті) 2021 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 31,0% немесе 379,0 млрд. теңгеге өсті.

2021 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің ең көп сомасы мұнайға салынатын корпоративті табыс салығы бойынша 571,0 млрд. теңгеге немесе 2 есеге , ішкі тұтыну тауарларына қосылған құн салығы 433,2 млрд. теңге немесе 4,6 есеге , экспорттық кеден баждары бойынша 311,9 млрд. теңгеге немесе 2,1 есеге , үшінші елдерден импортқа ҚҚС 90,4 млрд. теңгеге немесе 39,0% -ға, КО елдерінен импортқа қосылған құн салығы 53,1 млрд. теңгеге немесе 21,0% -ға, пайдалы қазбалардың өндірісіне салынатын салығы 41,1 млрд. теңгеге немесе 42,2% -ға өскені байқалады.

Түсімдердің өсуіне мынадай факторлар әсер етті.

2022 жылы 4 айда өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 65,1%, алюминийге 51,9%, мырышқа 40,9%, қорғасынға 16,5%және мысқа 15,4% бағаның өсуі байқалады. Шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажының мөлшерлемесі 56,4%-ға өсті (1 тонна үшін орташа мөлшерлемесі 2021 жылғы қаңтар-мамыр айында – 55,0 $, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айында – 86,0$).

Ағымдағы жылғы 4 айда үшінші елдермен тауар айналымы 1,5 есеге ұлғайды (экспорт 1,7 есе , импорт 1,2 есе өсті).

Өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2022 жылғы 4 айда өткізу бойынша айналым 24,4%-ға ұлғайды (31 565 млрд. теңгеден 39 266 млрд. теңгеге дейін).

2022 жылғы 4 айда электронды шот-фактуралар деректері бойынша өзі тұтыну үшін тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін, үй қызметшісін жалдайтын және үй шаруашылықтары қызметі 5,8 есеге, ақпарат және байланыс 1,8 есеге, өнер, ойын-сауық және демалыс 1,6 есеге, өзге де қызмет түрлерін ұсыну 58,4%-ға, кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 53,0%-ға, білім беру 37,4%-ға, ауыл, орман және балық шаруашылығы 35,8%-ға, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет 35,6%-ға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет 25,6%-ға, көтерме және бөлшек сауда 23,8%-ға және құрылыс 23,5%-ға өсті.


Соңғы жаңалықтар