Жыл басынан азық-түлік, көмір мен пойыз билеттері қаншаға қымбаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,3 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда - 1,4, азық-түлік емес тауарларына - 0,8, ақылы қызметтерге 1,6 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі қиярға - 21,8, қызанаққа - 20,6, тәтті бұрышқа - 16,8, қырыққабатқа - 11,5, басты пиязға - 7,4, картопқа - 5,6, сәбізге - 3,8, консервіленген сүтке - 2, сары майға - 1,8, мәйекті ірімшікке - 1,7, жаңа сауылған сүтке - 1,4, қышқыл сүт өнімдеріне 1,3 пайызға белгіленді. Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына- 9,5, құмшекерге - 1,4, жұмыртқаға, күрішке - 1,2, қара шайға - 1,1, құс етіне 0,8 пайызға тіркелді.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге - 1,3, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 1, автомобильдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға, жеке қолданатын тауарларға, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,9, киім және аяқ киімге - 0,6, кітаптарға - 0,4, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 0,3 пайызды құрады. Баллондағы сұйытылған газ - 1,7, бензин - 1,2, тас көмір, дизель отыны 0,7 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыруға - 6, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне - 3, денсаулық сақтау - 1,9, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына - 1,8, қоғамдық тамақтандыруға - 0,4 пайыға артты. Қалаішілік автобуспен жол жүру ақысы - 3,1, қалааралық - 2,6, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың теміржол көлігі - 0,7 пайызға қымбаттады, ал әуе көлігі - 4,1 пайызға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға - 3,5, электр энергиясына - 3,4, ыстық суға - 3, қоқыс шығаруға - 2,5, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 2, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,2, суық суға, кәрізге 0,8 пайыз жоғарылады.

Фото: baribar.kz

Соңғы жаңалықтар