Жыл басынан 400-ден астам бала жыныстық зорлыққа ұшыраған - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан балаларға қатысты 900-ге жуық қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев есеп беру кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балаларға қатысты жасалатын қылмыстар да айырықша алаңдаушылық туындатып отыр. Жыл сайын мұндай 2 мыңға жуық қылмыс жасалады. Бұл - жәбірлеу, ұрып-соғу, бопсалау, қауіпте қалдырып кету. Олардың үштен бірі жыныстық тиіспеушілікпен байланысты озбырлық. Өткен жылы Тараз қаласындағы мектептердің бірінің даладағы дәретханасында қыз баланың зорлануы қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл оқиға оқу орындарында қауіпсіздікті ұйымдастырудағы көптеген проблеманы ашып берді. Қазір Білім министрлігімен және жергілікті атқарушы органдармен бірге барлықмектептер бейне бақылау жүйесімен жабдықталып, күзет қызметімен келісімшарттар жасалып жатыр», - деді министр.

Оның атап өтуінше, осы жылдан басынан бастап жыныстық зорлық-зомбылыққа, педофилдерге, балаларға қарсы жасалатын қылмыстарға жаза күшейтіліп отыр.

«Дегенмен, тек полиция күш-жігерімен бұл проблема шешілмейді. Мұндай оқиғалардың 70 пайыздан бастамында зорлықты жақын адамдар: әкелері, өгей әкелері, аналармен бірге тұрып жатқан адам, көршілері мен таныстары жасайды. Кейде мұндай қылмыстар жылдарға созылады. Құрбандар мен олардың туыстары мұндай проблеманы отбасы ішінде шешуге тырысып, үндемейді. Жыл басынан бері кәмелетке толмағандарға қатысты 879 қылмыс жасалса, соның 402 жыныстық зорлықпен байланысты. Мұндай әрбір факті - бұл бала трагедиясы және оның қираған тағдыры», - деді Ерлан Тұрғымбаев.


Соңғы жаңалықтар