+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

Жыл басынан 25 мың көпбалалы отбасы жәрдемақының жаңа түрін рәсімдеді

2020 жылғы 23 қаңтар 11:50
Бөлісіңіз:
Жыл басынан 25 мың көпбалалы отбасы жәрдемақының жаңа түрін рәсімдеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қандастарға Қазақстанда тұруға және азаматтығын алуға бір өтініш беру құқығы ұсынылмақ Шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарға әкімшілік жауапкершілік белгіленеді Көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 8-ші баладан бастап сараланады

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы таратқан ақпаратқа сәйкес, оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізіп отыр.

«Көпбалалы отбасылар халыққа қызмет көрсету орталығына жеке төлқұжаттарымен келіп тиісті жәрдемақыны рәсімдей алады. Осыған дейін жәрдемақы алған отбасылар жәрдемақының жаңа түрін алушылар тізімінде бар-жоғын 1411 call-орталығы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің www.enbek.gov.kz сайты арқылы да тексере алады», – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Әсемгүл Балташева.

Жалпы алғанда 1 қаңтардағы жағдай бойынша 368,9 мың отбасыға мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған. Оның 246 мыңы бұған дейін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алған.

Аймақтық бөліністе жыл басынан бері жәрдемақының рәсімделуіне Түркістан облысынан көп өтініш қабылданған. Одан кейін Алматы облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары көп өтініш берген.

Естеріңізге сала кетсек, 2020 жылдан бастап отбасында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан да көп балалары, оның ішінде 23 жасқа дейін студент балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі мынадай: 4 балаға – 42 496 теңге, 5 балаға – 53 127 теңге, 6 балаға – 63 757 теңге, 7 және одан көп балаға – 74 388 теңге.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT