Жыл басынан 15 мың тоннадан астам бензин экспортталды – Бозымбаев

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Қазақстан автобензин бойынша нетто-экспорттаушыға айналды. Бұл туралы Атырау облысында жұмыс сапарымен келген Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мұнай өнімдерін өндіру секторында жаңғырту жұмыстарының арқасында мұнай өңдеу зауыттары қуаттылық пен қайта өңдеу тереңдігін ұлғайтты. Сегіз айдың ішінде мұнайды қайта өңдеу 11,2 млн тоннаны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 6 пайызды құрады. Мұнай өнімдерінің өндірісі бензин бойынша – 14,3 пайызға, дизельді отын бойынша – 9,6 пайызға, авиаотын бойынша 212 пайызға артты. Мұнай өнімдері көлемінің артуы бөлшек нарыққа да ықпалын тигізді. Онда жыл басынан бері бензин бағасының төмендеуі байқалды», - деді министр.

Атап өтілгендей, өндірісті қолдау мақсатында бензин экспортын ашу бойынша мәселе пысықталған. Осылайша, биылғы шілде айынан бастап Қазақстан автобензинді ЕАЭО аумағынан тыс нарықтарға шығару мүмкіндігімен нетто-экспорттаушы болды. Экспорттық жеткізілімдер басталып кеткен. Бүгінге дейін 15 мың тоннадан астам автобензин шетелге сатылды.

Еске салайық, Атырауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен мұнай-газ саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті.

Соңғы жаңалықтар