Жыл аяғына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл аяғына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Реконструкциялау бойынша жұмыстар 17 жобада жүргізіліп жатыр. Олар бойынша 2024 жылға дейін іске асыру мерзімімен 3,6 мың шақырым жол қамтылып отыр. «Орталық-Оңтүстік» дәлізін дамыту аясында «Қарағанды-Балқаш-Бурылбайтал-Құрты-Қапшағай» учаскелерін реконструкциялау жалғасып келеді (946 шақырым, соның 543 шақырымы ашылды). Қарағанды-Балқаш (363 км) учаскесі бойынша 281 шақырымда қозғалыс ашылған. Балқаш-Бурылбайтал-Құрты (516 км) учаскелерінің 262 шақырымда көлік қозғалысы жанданды. Биыл Құрты-Қапшағай (67 км) учаскесінде жұмыстар жалғасады», - деді А. Беков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жыл аяғына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша толықтай жол учаскелерін ашу жоспарланып отыр. Жалпы, бұл жолдар 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желі бойынша 92 пайызға және жергілікті желі бойынша 87 пайызға дейін жеткізілмек.


Соңғы жаңалықтар