Жүзу спортынан Қазақстан кубогы: Алғашқы жеңімпаздар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Теміртауда жүзу спортынан өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогының алғашқы жеңімпаздары анықталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, спортшылар жалпы есепте көш бастау үшін бар күшін салып жатыр. Жарыс ережесі бойынша, үш қашықтықта жиған ұпай саны қосылып, жеңімпаз анықталады. Әрбір нәтижеге белгіленген ұпай көрсеткіші жазылады.

Кубок додасының алғашқы күнінде үздік атанған спортшылар тізімі:

Әйелдер, баттерфляй, 50 м - Алина Костенко (28.27)

Әйелдер, шалқалай жүзу, 200 м - Анастасия Резванцева (2:14.75)

Ерлер, баттерфляй, 50 м - Әділ Қасқабай (24:37)

Әйелдер, брасс, 100 м - Аделаида Пчелинцева (1:10.31)

Ерлер, брасс, 100 м - Айбек Қамзенов (59.71)

Әйелдер, еркін әдіс, 200 м - Диана Злобина (2:03.19)

Ерлер, еркін әдіс, 200 м - Кирилл Шацков (1:50.45)

Кубок бәсекесіне еліміздің ең үздік спортшылары түгелдей дерлік қатысуда. Тек Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин ғана жеке бағдарламамен жаттығып жатыр. Ол қазір Италияда оқу-жаттығу жиынында.  Жарыс 9 қараша күні өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар