Жүзу: Қазақстандықтар Беларустегі турнирде тағы екі алтын еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Беларусьтің Брест қаласында өтіп жатқан жүзуден халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар тағы екі алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

200 метрге еркін әдіспен жүзуден Диана Злобина алтын жүлдегер атанды. Бұл Злобинаның Брест турнирінде жеңіп алған үшінші алтын медалі. Сондай-ақ, 200 метрге шалқалап жүзуден Анастасия Резванцева жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орынды беларусьтік Арина Мацкевич пен Анна Северин иеленді.

Соңғы жаңалықтар