Жүзшақты әскери қызметші Текелідегі лай көшкіні салдарын жоюға жұмылды
2022 жылғы 16 мамыр 18:51

Жүзшақты әскери қызметші Текелідегі лай көшкіні салдарын жоюға жұмылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласындағы төтенше жағдай салдарын жоюға 28237 әскери бөлімінің 100 қызметкері мен 7 техникасы тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әскери қызметшілер мен жергілікті атқарушы органдардың арнайы техникасы жеке үйлер мен көшелер аумағында қалған балшық массасын тазартуда.

«16 мамыр күнгі лай көшкінінен кейін жалпы 890 текше метр балшық шығарылды, 81 рейс жасалды. Қазіргі уақытта Қонаев көшесі балшық массасынан тазартылды. Авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге Алматы облысы ТЖД-нің 8 қызметкері мен 3 техникасы, полиция бөлімінің 6 қызметкері мен 2 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 20 қызметкері мен 10 техникасы, 16 қызметкері мен 8 техникасы, оның ішінде «Қазселденқорғау» ММ-нің 3 техникасы жұмылдырылды», - деп жазды жергілікті ТЖД баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 15 мамыр күні сағат 12.10-да Алматы облысының Текелі қаласында (балшық массасы, алдын ала есептелген ұзындығы - 50 метр, ені - 25 метр, биіктігі - 3,5 метр, көлемі - 4375 текше метр) су тасқыны болды. Салдарынан 5 жасар қыз қайтыс болып, тұрғын үйлер зардап шекті.


Jańalyqtar

MURAǴAT