Жүзімнің қандай пайдасы бар?

None
None
АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Жүзім ағзаны токсиндрден тазартады және жасартады. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана бастаған, деп хабарлайды segodnya.ua.

Бүгінгі күні заманауи зерттеулер «ампелотерапия», яғни, жүзіммен емдеу ұғымының пайда болуына алып келді. Қызыл жүзімнің сүйектері полифенол және биофлавоноидтерге бай және жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын және тұтас ағзаны жасартатын күшті антиоксидант болып табылады. Жүзіммен емдеудің өзі зат алмасу, бірінші кезекте, су-тұз алмасу үрдісінің белсенділігін арттыруға бағытталған. Жүзімнің құрамында зәр айдайтын және ісікке қарсы зат ретінде әсер ететін, жүректің қызметін қалыпқа келтіретін калий тұздары бар. Мұнан басқа жүзіммен емдеу зат алмасудың уытты заттарын тез шығарумен айналысады.

Бірақ, жүзімнің құрамында көп мөлшерде қант бар, сол себепті сусамыр ауруымен ауыратындарға оны көп мөлшерде жеуге болмайды.

Бүгінгі күні бәрінен бұрын жүзімнің пайдасы туралы косметологтар біледі. Осы жемістің қолданылуымен көптеген маскалардың рецепттері белгілі. Ал жүзім сүйектерінен алынған май арнайы дайындау әдісінің арқасында барлық белсенді заттарды сақтайды. Және ол дәрумендерге, минералдарға және майлы емес қышқылдарға бай.

Соңғы жаңалықтар