Жүзге толған әже мерейтойында парашютпен секірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоуз-Кейв (Нью-Йорк штаты) қалашығының тұрғыны Элеанор Каннингем өзінің жүз жылдық мерейтойында парашютпен секіріп, туған күнін елден ерекше атап өтті, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Каннингем парашютпен ең алғаш рет жасы 90-ға толғанда секіріп, оны 95 жасында қайталаған еді. Қарт әйелдің денсаулығын қадағалап жүрген дәрігерлер оған 100 жаста да секіруге рұқсат берген.

Мерейтой иесі инструктормен жұптасып 2,7 мың метр биіктіктен секірді, деп хабарлайды ТАСС агенттігіне сілтеме жасай отырып Day.Az. сайты.

Нью-Йорк қаласында дүниеге келген Каннингемнің 5 баласы, 15 немересі, 26 шөбересі және 2 неменесі бар. Олардың көбі әжесіне қолдау танытыпты. Каннингем ұзақ өмір сүрудің құпиясын бөлскенде отыз жыл бойы ет жемегенін айтыпты. Туыстарының айтуынша, ол 95 жасына дейін көлік жүргізіп, боулинг ойнаған.

Соңғы жаңалықтар