Жүзден аса адамның өмірін жалмаған Гватемаладағы жанартау қайта оянды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін 100-ден астам  адамның өмірін қиған Гватемаладағы Фуэго жанартауы қайта оянды. Бұл туралы Орталықамерикалық мемлекеттің ұлттық сейсмология институтының мәліметтеріне сілтеме жасап Prensa Libre хабарлады.

Атап өтілгендей, мамандар жанартаудың кратеріндегі жарылыстарды тіркеген. Ал газдар мен ыстық күл 5 км биіктікке дейін атқылауда.

Сарапшылар күлдің жанартауға жақын орналасқан елді-мекендерге, соның ішінде елдің бұрынғы астанасы Антигуаға да түсуі мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Бұған дейін қаза тапқандар саны 100-ден асып, 200 адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.

Гватемалада Фуэго жанартауы 3 маусым күні атқылай бастады. 

Соңғы жаңалықтар