«Жүз жылдық жылнама» оқырманға жол тартты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - "Egemen Qazaqstan" газетінің 100 жылдық мерейтойына арналған "Жүз жылдық" жылнама атты 5 томдық жинақ оқырманға жол тартты. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада жинақтың тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жинақтың тұсауы кесілмес бұрын басылым тарихы баяндалатын деректі фильм ұсынылды.

"Egemen Qazaqstan" республикалық газеті" АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, 1919-1976 жылдар аралығын қамтитын 5 томдық жинақ әзірге 2000 данамен таралып отыр.

"1919 жылы "Ұшқын" деген атпен шыға бастаған басылым әр жылдары түрлі атпен шықса да, тілдің, діннің, жердің, емленің мәселесін, ұлт мүддесін көтерді. Сол тұстағы зиялылардың арасындағы айтыс- тартыс, ашаршылық, репрессия, соғыс пен тың игеру сияқты тарихи оқиғалардың бәрі осы жинақта қамтылды. Қазақ тарихының шежірешісіне айналған газеттің бетінде Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғаббас Тоғжанов, Ғабит Мүсірепов сияқты арыстардың ізі қалды. Көп адам ол тұста газетті орталық комитеттің органы болған деп ойлайды. Олай болмағанына осы бес томдықты оқып көз жеткізуге болады. Бұл жинақ газет оқырмандарына ғана емес, журналистика тарихы мен әдебиеттің өткенін зерттеп жүрген ғалымдарға, кәсіби тарихшыларға да таптырмас құрал болады деп ойлаймын", - дейді Дархан Қыдырәлі.
null

100 жылдық мерейтой қарсаңында жинақталған туындының электрондық нұсқасы кейін интернет қолданушыларға да қолжетімді болмақ. "Жүз жыл ішінде газет бірнеше әліпбимен шықты. Соның бәрін біріздендіріп, жалпы халыққа түсінікті қаріппен қайта бастық. Газеттің әр жылдарда әр атпен шыққан тігінділерін іздеуге ғалымдарды да жұмылдырдық."Ұшқынды" бір жерден тапсақ, "Еңбек туын" тағы бір жерден таптық. Ендігі міндет - Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев сияқты тұлғалар басқарған кезеңдердегі сүбелі сандарды кітапқа басу", - дейді газет басшысы.

Жинақты құрастырушылар кітапқа ресми тарихта кездесе бермейтін құнды деректер енгенін айтады.
null

"Сәкен Сейфулиннің кезіндегі мемлекеттік тіл үшін баспасөз бетінде қалай күрес жүргенін, 1923 жылы ұлтқа қазақ атауын қайтару үшін кімдердің басын бәйгеге тіккенін көруге болады", - деді Намазалы Омаш.
null null

Шараға шақырылған өзге де мәртебелі меймандар басылым ұжымына ақжарма тілектерін арнады.

Соңғы жаңалықтар