Жүз жылдан кейін бес мыңнан астам тіл жоғалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2115 жылға қарай Жер шарындағы қазіргі алты мың тілдің бір мыңнан азы ғана қалады. Мұндай болжамды америкалық ғалымдар жасады. Бұл объективті жағдайларға негізделген: шағын топтар үлкен қауымдастықтардың ықпалына түсіп, уақыт өте келе, олардың мәдениет, сондай-ақ тілін қабылдайды.

АҚШ-тың тіл ғылымы ғалымдары елді елең еткізген осы болжамын жариялады. Қазіргі кезде Жер шарында бар 6 мың тілдің ішінен 100 жылдан кейін тек бір мыңы ғана қалады. 5 мыңы із-түссіз жоғалып кетеді, - дейді ғалымдар.

Осыған сүйеніп, Wall Street Journal танымал ақпараттық басылымы оқырмандарына бір ғасырдың ішінде ғаламшарымыздан бес мыңнан астам тілдің жоғалатынын хабарлаған. Сондай-ақ, мамандар алдағы уақытта көптеген тілдердегі сөздердің жазылуы мен дауысталуы жеңілдетіледі деп ойлайды.

Соңғы жаңалықтар