Жуырда қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткіземіз – Мемлекет басшысы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қарулы күш шұғыл жағдай кезінде өздігінен шешім қабылдауын қамту туралы айта келе, олардың жетекшілеріне жүктелетін жауапкершілікті күшейту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарулы күштердің өздігінен шешім қабылдай алуын қамтамасыз ету керек. Және қарулы күш жетекшілерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Сонымен қатар діни экстремизмге қарсы күресте кешенді шараны жүзеге асыруымыз тиіс. Олардың теріс ниеттерінің криминалдық қылмысқа айналып кетпеуіне жол бермеу керек. Әсіресе қылмыстық атқару мекемелері үшін абай болған жөн. Таяуда қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткіземіз. Ол жерде жоғарыда айтылған жайттар ортаға салынып, шешу жолдары қаралады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Бұған дейін Президент кейбір мемлекеттік органдар жұмысының олқылығы мен тиімсіздігін сынға алған еді.

Одан бөлек, Мемлекет басшысы шенеуніктердің халықпен диалог құра алмайтындығын сынап, Үкімет мүшелері мен әкімдер тұрғындармен үнемі байланыста болуы керектігін еске салды.



Соңғы жаңалықтар