Жүйелі жемқорлық көрсеткіші ең жоғары 4 өңір аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жүйелі сыбайлас жемқорлықтың басым бөлігі Алматы облысында, Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан және Қостанай облысында анықталған. Бұл туралы Antikor News жобасының тікелей эфирінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Статистика көрсеткендей, жүйелі сыбайлас жемқорлықтың басым бөлігі: Алматы облысында – 12 факті (66 қылмыс), Алматы қаласында – 9 (36 қылмыс), Шығыс қазақстан (51 қылмыс) және Қостанай (37 қылмыс) облыстарында 7 факті бойынша анықталды», - дейді Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Ол өткен аптада түрлі салаларда анықталған сыбайлас жемқорлықтың жүйелі фактілеріне тоқталып өтті.

«Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімшесінің, Түркістан облысы бойынша Полиция департаментінің Арыс аудандық полиция бөлімінің бастығына қатысты бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полиция майоры 2019 жылдың тамыз айында полиция қызметкері бола тұра, Шымкент қаласының азаматтарын алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 94 млн теңге тұратын қымбат «Lexus LX 570» және «Toyota Camry» маркалы 4 автокөлігін иемденіп және осыған ұқсас жолмен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға ықпал ету сылтауымен сотталғанның 33 мың АҚШ долларын құрайтын ақшалай қаражатын иемденіп алған деген күдікке ілінді. Биыл 29 тамызда күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар