+7 (701) 759 90 19
USD 399.51 EUR 447.33
RUB 5.78 CNY 56.10
Jańalyqtar

Жүсіпбек Қорғасбек: Ең бастысы - мемлекет тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндік

2020 жылғы 1 сәуір 15:24
Бөлісіңіз:
Жүсіпбек Қорғасбек: Ең бастысы - мемлекет тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Белгілі жазушы, журналист, «Құрмет» орденінің иегері Жүсіпбек Қорғасбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдына жиі шығып тұрады. Бұл өте дұрыс. Барлық уақытта солай болуы керек. Президентті көзбен көріп, құлақпен естіп тұрғаннан жаман болмаймыз. Адамға ең алдымен сенім керек. Оның кешегі мәлімдемесі осы идеяға қызмет етеді. Іште сенім орнайды. Сол кешегі мәлімдемені ел елеңдеп күтті. «Президент сөйлейді екен» деп бір-біріне айтып жатты. Елге керек мәселелерді сала-сала ғып айтты. Ең бастысы - мемлекет тарапынан қамқорлық бар екенін сезіндік»,–дейді Жүсіпбек Қорғасбек.

Сондай-ақ, ол елімізде қабылданған төтенше жағдайға байланысты тиісті шараларды қатаң ұстану керектігін де баса айтты.

«Қазіргі қолға алынған қатаң шараларды да қолдаймын. Бас-аяғымызды жинап, тәртіпке келіп қалдық. Коронавирус індетінен барынша сақтануымыз қажет. Оның басты емі - үйден шықпау. Қиын кезде бәріміз біргеміз»,– деп қорытындылады ол.

Айта кетейік, 31 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.



Фото: adebiportal.kz

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT