Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің 45 жылдық мерейтойына арналған концерт болады

None
None
АЛМАТЫ. Сәуірдің 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда сәуірдің 22-сі күні Қазақ мемлекеттік циркінде Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің 45 жылдық мерейтойына арналған "Таңшолпан" деп аталатын концерт өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ж. Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжін 1965 жылы Алматыда "Қазақконцерттің" жанынан Г. Ғалиева ұйымдастырған болатын. Алғашқы кезде ол эстрада және цирк өнері студиясы деп аталды. 1967 жылдан бастап өмірінің соңына дейін осында ұстаздық қызмет жасаған әнші Жүсіпбек Елебековтың есімімен 1995 жылы Ж. Елебеков атындағы Алматы эстрада-цирк өнері колледжі болып, кейін республикалық мәртебеге ие болды. Эстрада және цирк өнері әртістерін даярлайтын өнер ордасы түлектерінің арасынан Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Нағима Есқалиева, Сәуле Жанпейісова, Бағдат Сәмединова, Айжан Нұрмағамбетова, Балтабек пен Раиса Жұмағұловтар сияқты көптеген қазақ өнерінің белгілі өнер майталмандары шықты.

Соңғы жаңалықтар