+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

«Жусан» операциясы жалғасады – ҰҚК

2019 жылғы 12 желтоқсан 15:08
Бөлісіңіз:
«Жусан» операциясы жалғасады – ҰҚК

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризмге қарсы орталық штабы басшысының бірінші орынбасары Сергей Швейкиннің айтуынша, «Жусан» операциясы жалғасқанымен, оның атауы өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық Қызыл Крест комитеті қазақстандық балалардың Ирактан қайтарылуына қолдау білдірді Лаңкестік аймақтан келген балаларды оңалтумен Білім министрлігі айналысады «Жусан» операциясы: Сирия жалғыз ұлымнан айырды

«Жусан» операциясын жалғастырамыз. Әйтсе де, оның атауы өзгереді. Гуманитарлық операцияның көмегімен Сириядан 595 отандасымыз, оның ішінде 406 бала елге қайтарылды. Репатриация процесі әлі шегіне жеткен жоқ. Сондықтан бұл соңғы мәлімет емес. Оның 57-сі қылмыстық іске тартылған. Бүгінге дейін 3-9 жыл аралығында 24-і сотталды. 11 қыркүйекте елорданың мамандандырылған аудандық соты терроризмге қатысы бар деп айыпталған 14 адамға үкім шығарды», – деді ҰҚК өкілі елордада өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, террористік әрекетке қатысы жоқ әйелдер мен балаларды оңалту жұмысының арқасында 22 әйел зайырлы өмір салтын ұстанып, 33 әйел дәстүрлі исламға қайтқан.

«Келесі гуманитарлық операция «Жусан» деп аталмауы мүмкін. Репатриация жұмыстары жалғасып, елге қайтарылатын азаматтардың саны артады», – деі ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT