+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

«Жусан» операциясы: Елге оралған әйелдердің 96% радикалды көзқарастан бас тартты

2021 жылғы 7 қыркүйек 14:15
Бөлісіңіз:
«Жусан» операциясы: Елге оралған әйелдердің 96% радикалды көзқарастан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жусан» операциясы арқылы елге оралған әйелдердің 96%-ы радикалды көзқарастан бас тартты. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Діни экстремизм идеологиясына ергендер адам өлтіруден тайынбайды - теолог-ғалым

«Деструктивті діни ағымды ұстанушылармен жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүргізу үшін «Ақниет» оңалту орталығының білікті мамандары тартылуда. Республика бойынша діни радикалды идеологиядан зардап шеккендерді теологиялық-психологиялық оңалтудың бірыңғай тетіктері енгізілген. Сонымен бірге, ҚМДБ имамдары да көмек беруде», - деді Е. Нүкежанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, «Жусан» гуманитарлық операциясы арқылы елге оралған 188 әйелді оңалту және қайта әлеуметтендіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінуде.

«Бүгінде жүргізілген жұмыс нәтижесінде олардың 95%-ы (188 әйелдің 181-і) радикалды діни көзқарастан бас тартты, ал кейбіреулері толығымен зайырлы өмір салтына көшті», - дейді Е. Нүкежанов.

Айта кетейік, биыл бірінші жартыжылдықта 84 мыңнан астам адам әлеуметтік желідегі радикалды топтардан шығарылды. Діни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын 80 мыңнан астам материал жойылып, 300-ден астамы бұғатталған.

6 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі өтеді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT