«Жусан» операциясы: Елге қайтарылған отандастарымызды оңалту жұмысы жалғасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Діни радикализммен күресті күшейту үшін елде тарайтын діни контентті мұқият бақылап, сондай контент тарату көзедеріне жазылған қазақстандық интернет пайдаланушылармен жіті жұмыс жүргізілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Интернет арқылы халықтың радикалдануына жол бермеу үшін елімізде радикалды діни контентті анықтап, интернет кеңістіктің мониторингін күшейту және әлеуметтік желілердегі радикалды топтар мен қоғамдастықтарға жазылған қазақстандықтармен жеке-жеке жұмыс жүргізілмек.

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров бүгінгі Үкімет отрысында айтты.

«Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жалпы профилактикалық сипаттағы, сондай-ақ, радикалды идеологияға тартылу тәуекелі бар халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстасрын ұйымдастырады.Әлеуметтік желілерге назар аудара отырып, радикалды діни идеологияның алдын алу және қарсы насихаттау бойынша ақпарат алаңында белсенді жұмыс жүргізіп отыр.Деструктивті және радикалды діни көзқарасты ұстанушыларды дәстүрлі ислам арнасына қайтару мақсатымен министрлік арнайы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп оңалту жұмыстарын жүргізуде. Әсіресе жастар, жұмыссыздар және өз-өзін жұмыспен қамтыған азаматтар, діндарлар деструктивті діни ағымдардың жақтаушылары сияқты азаматтардың неғұрлым осал топтарымен діттеген ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейту көзделіп отыр», - деді министр.

Сондай-ақ, министрлік «Жусан» операциясының аясында терроризм ошақтарынан елге қайтарылған отандастарымызды оңалту жұмысын одан әрі жалғастыруға ниетті.


Соңғы жаңалықтар