USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

«Жусан» операциясы: 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартты

2021 жылғы 28 қазан 12:55
Бөлісіңіз:
«Жусан» операциясы: 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жусан» операциясының нәтижесінде қазақстандық 77 әйел радикалды идеологиядан өз еркімен бас тартты. Бұл туралы ҚР Терроризмге қарсы орталық штабының бөлім басшысы Жанарбек Жаңабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сирияда террористік ұйымдардың құрбаны болып, «Жусан» операциясының арқасында құрқарылған бірқатар отандастарымыз туралы білесіздер. Аталған операция алдында дайындық жұмыстары жүргізілді. Арнайы топ Сирияға барып жағдайды бақылауды, оның жоспары әзірленді. «Жусан» операциясы арқылы арқылы барлығы 607 қазақстандық елге оралды. Оның ішінде 37 еркек, 157 әйел және 413 бала (соның ішінде 34 жетім бала) елге аман-сау жеткізілді. Сонымен қатар 59 адам қылмыстық жауапқа тартылды. Қазақстанға келген соң отандастарымызды бейбіт өмірге бейімдеу шарасы өткізілді. Нәтижесінде 88 әйел исламды қайта қабылдап, 77 әйел радикалды идеологиядан бас тартты», - деді Жанарбек Жаңабаев «Kazakhstan Security Systems -2021» атты республикалық конференция барысында.

Оның айтуынша, «Жусан» операциясына көптеген елдер қызығушылық танытып жатыр.

«Біздің тәжірибемізге қызығушылық танытып жатқан біраз елдер бар. Қазақстанда терроризмге қарсы және алдын алуға қатысты шаралар мемлекеттік деңгейде 2000 жылдары қолға алынды. Содан бері 20 жылдан астам уақыттың ішінде мемлекеттік деңгейдегі шешімдер өз нәтижесін беріп отыр. Терроризммен күресте барлық мемлекеттік және құзырлы органдар өзара тығыз байланыста жұмыс істеп келеді», - дейді ол.

Айта кетейік, бүгін елордада террористік қауіп-қатерге қарсы күрес тақырыбына арналған 8-ші республикалық конференция өтіп жатыр.

Аталған шарада қауіпсіздікті нығайту саласындағы бүгінгі ахуал мен тенденциялар ортаға салынып жатыр. Және конференция ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығының ұйытқы болуымен өтуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT