Жүрсін Ерман «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атанды

None
ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат – Бүгін айтыс өнерін ұйымдастырушы, ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі аталған өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Республикасы күніне орай, жаңадан құрылған облыс тарихында тұңғыш рет 5 мемлекет және қоғам қайраткеріне «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағы берілген болатын.

Ұлытау облысының мәслихат хатшысы Бауыржан Шыңғысов денсаулығына байланысты салтанатты шараға қатыса алмаған айтыс өнерін ұйымдастырушы, қазақ телевизиясының ардагері және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерманға «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын тапсырды», - деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.

Қоса кетсек, апта басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наргадамен марапаттаған болатын.


Фото: instagram.com/ulytauregion
Соңғы жаңалықтар