Жүрсін Ерман: Шын мәнінде ұлттық бірлік - басты байлық

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Айтысқа әрдайым қолдау білдіріп жүрген «Нұр Отан» партиясына рахмет айтуымыз керек. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Көкшетауда өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Бірлік пен берекенің Жерұйығы» атты Халықаралық ақындар айтысының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ақын, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман айтты, деп хабарлады «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметі.

«Үлкен халықаралық айтыс, міне Арқаның кербез сұлу Көкшетауында өтіп отыр. Шын мәнінде ұлттық бірлік - басты байлық. Бүгінгі шара этностар басын біріктірген Ассамблеяның құрметіне өткізіліп отыр», - деп атап өтті ақын Жүрсін Ерман. «Бүгін, еліміздің түкпір-түкпірінен ақындар келіп отыр. Қалың ел болған соң дарындар тумай қоймайды. Бұл да қуанышқа қуаныш қосты», деді ол бір сөзінде. Сондай-ақ, ол қазіргідей экономикалық сын-тегеуріндерге қарамастан мәдени құндылықты кейінге қалдырмай көңіл бөлудің маңыздылығына тоқталды. «Қазіргідей қаржылық дағдарыс басталған кезде айтыстың өткізілуі - үлкен іс. Айтысқа қолдау білдіріп жатқан «Нұр Отан» партиясына рахмет айтуымыз керек. Елдің рухани азығын арттыру үшін жасап жатыр», - деп сөзін қорытты ол.

Соңғы жаңалықтар