Журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» ақпарат орталығы ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Еліміздің бас газетінің 95 жылдығы мен университеттің 80 жылдық мерейтойына орай журналистика факультетінде «Егемен Қазақстан» ақпарат орталығы ашылды.

Аталған орталық студенттерге редакция ұжымымен тығыз қарым-қатынас орнатып, шығармашылық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға ықпал етпек.

Салтанатты жиынға «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» Акционерлік қоғамының Президенті Сауытбек Абдрахманов және редакция мүшелері, Алматы бөлімшесінің жетекшісі - Қорғанбек Аманжол, «Егемен Қазақстан» газетінің ардагері - Мамадияр Жақып, шолушылар - Гүлзейнеп Абдрахманова, Шарафаддин Әміров, Айнаш Есали, тілші Қанат Ескендір қатысты.

«Ғылым-білім ордасы мен бүгінгі қазақ баспасөзінің көшбасшысының бүгінгі өкілдері өткен күндер өрнектеріне замана көзімен шолу жасай отырып, болашаққа бағдар сілтеуге тиісті деп ойлаймын. Себебі қазақ руханиятының екі алып бәйтерегінің алтын тамырлары тарих тереңінде түйісіп жатқандай», - деді университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Салтанатты жиында қос тарап Ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Келушілерге арнап ҚазҰУ Ғылыми кітапханасының «Егемен Қазақстандықтар» шығармашылығына арналған көрмесі ұйымдастырылып, «Егемен Қазақстан» газетіндегі ҚазҰУ шежіресі» атты бейнефильм көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар