Журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталды- ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ сілтеме жасап.

«Ұсталған топқа ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы «Қорқыту», 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғу», 158-бабы «Журналистік қызметке кедергі келтіру», 202-бабы «Біреудің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» және 293-бабы «Бұзақылық» бойынша айып тағылуда», - делінген хабарламада.

Алматыда арандатушылық шабуылдардың тікелей үйлестірушісі – шетелдік азамат, білікті хакер О.Токарев ұсталды.

Оның уақытша тұрып жатқан жерінен шабуылдарды басқару, анонимді Telegram-аккаунттарда «тапсырыстар» беру, орындаушыларды табу және олардың акцияларына ақы төлеу жүргізілген техника табылып, тәркіленді.


Еске салсақ, жақында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі елімізде кейінгі кезде БАҚ өкілдеріне шабуыл жасалуына қатысты пікір білдірді.

Ішкі істер министрлігі журналистер мен блогерлерге қатысты қылмыс жасады деген күдікпен 18 адамның ұсталғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар