Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген шетел азаматы 2 айға қамауға алынды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қаласының тергеу соты О.Токаревты 22 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы шешім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылы 24 ақпандағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының күдікті Т-ны екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 22 сәуіріне дейін», - делінген сот хабарламасында.

Бұған дейін ІІМ және ҰҚК ведомствоаралық жедел-тергеу тобы БАҚ өкілдеріне шабуыл ұйымдастырған күдікті топтың жолын кескені туралы жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар