Журналистерге Президент сыйлығы мен гранты табысталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыс етіп, алғыстарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Болашақты саясаткерлер, өткенді тарихшылар, ал бүгінгіні журналистер ойлайды деген қағида бар. Бірақ, меніңше, журналистер болашақты да, өткенді де ойлайтын бірегей қауым деп айтуға болады. Халыққа ел ішіндегі оқиғалар жөнінде хабар таратып, шұғыл әрі шынайы ақпарат беру сіздердің кәсіби міндеттеріңіздің арқасы", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде.

Сонымен биыл Мемлекет басшысының өкімімен Президент сыйлығы "Жас өркен" ЖШС-ның бас директоры Жүсіпбек Қорғасбекке, "Комсомолская правда - Казахстан" газетінің бас редакторы Виктор Кияницке, "Ана тілі" газетінің бас редакторы Жанарбек Әшімжанға, "Астана" телеарнасының редакторы Жайна Жақсылықоваға берілді.

Ал Президент гранттары "Хабар 24" телеарнасының тілшісі Рауан Мыңбаевқа, "Қазақстан" телеарнасы "Мәселе" сараптамалық бағдарламасының жүргізушісі Нартай Сәрсенғалиевке, "Қазақстан" ТРК Маңғыстау облыстық филиалының шеф-редакторы Әсем Сартбаеваға табысталды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хаттарын «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп, «Хабар» телеарнасы талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторы Александр Трухачев, «Qazaqstan» телеарнасының жүргізушілері Қымбат Досжан және Дана Нұржігіт, «Хабар 24» телеарнасының шеф-редакторы Шалқар Қожаев, «Qazaqstan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры Ерлан Атамбай, «Литер» газеті бас редакторының орынбасары Жанна Ойшыбаева, «КТК» телеарнасының бас директоры Эльмира Джамилова, сондай-ақ «Қазақпарат» ХАА және «Жетісу» телеарнасы алды.

null null null null null null null null null null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар