+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Журналистерге арналған SOS-қосымша пайда болды

2017 жылғы 26 қазан 17:19
Бөлісіңіз:
Журналистерге арналған SOS-қосымша пайда болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Қазақстан журналистерінің Soz Sende SOS-қосымшасының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа ақпараттық ресурс 3 бөлімнен тұрады. Ең бастысы журналист шұғыл жағдайда қалған кезде SOS тетігін басады. Оның әріптестеріне геолокациясы белгіленген шұғыл хабарлама түседі.

Шұғыл ақпарат тек қосымшада ғана емес, бөлек сайтта да жария етіледі. Осылайша әріптестерінің штаттан тыс жағдайы туралы барлық журналистер білетін болады.

Қосымшаның басқа бөлімдері журналистердің біліктілігін арттыруға бағытталған.

«Читалка» бөлімінде қажетті құқықтық ақпараттар сақталған. Мәселен журналисті ұстап әкеткен жағдайда ол қалай әрекет етеді немесе журналистің сауалына жауап келмей жатқан жағдайда, сот процесі кезінде журналистің қандай құқығы бар екендігі туралы ақпарат болады.

«Мүмкіндіктер» бөлімінде журналистерге арналған бағдарламалар, стипендиялар, гранттардың RSS-жіберулері жинақталады.

Soz Sende қосымшасын Сот репортерлері гильдиясы жасады.

2016 жылы ұйым өкілдері БҰҰ халықаралық коммуникациялық даму бағдарламасының үйлестірушілеріне ұсыныс білдірген болатын.

Қосымшаны жасау үшін гильдия 7 мың АҚШ долларын ұтып алды.

Soz Sende журналистерге арналған мобильді қосымша БҰҰ журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарында көзделген мәселелердің үдесінен шығып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

#БАҚ  
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT