Журналистер туралы жаңа ән шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі кәсіби мерекесіне орай журналистерге ән арнады. Министр Аида Балаева осы әнді Facebook парақшасында жариялады.

«Ән барша журналистерге арналады», - деп жазды министр парақшасына.

Еске сала кетсек, былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке арнайы қаулымен Қазақстан журналистерінің кәсіби мерекесін бекіту жөнінде тапсырма берген еді.

«Бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ», - деп жазды Президент Twitter-де.

Көп өтпей Үкіметтің тиісті Қаулысы жарияланып, 28 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесін атап өтетін болды.


Соңғы жаңалықтар