Журналистер Республикалық ғарыш байланысы орталығына саяхаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ғарыш байланысы ұлттық операторы - «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ (РҒБО) бүгін қазақстандық журналистерді Ақкөл қаласындағы KazSat ғарыш аппараттарын басқару жерүсті кешеніне саяхатқа шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.



БАҚ өкілдерін қарсы алған «РҒБО» АҚ президенті Виктор Лефтер бұл шара Жердің тұңғыш жасанды серігінің ғарышқа ұшырылуының 60 жылдығына арнайы ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда Қазақстандағы байланыс операторларының барлығы дерлік KazSat-2 және KazSat-3 байланыс спутниктеріне өткен. Шетелдік спутниктерді пайдалану небәрі 2 процентті құрайды. 29 млрд теңгенің импортының орнын отандық өнім арқылы толтырып отырмыз», - деп мәлімдеді В. Лефтер.

Шарада журналистерге «Ақкөл» ғарыш байланысы орталығының жұмысы, орталық аумағында тұратын қызметкерлерге қандай әлеуметтік жағдайлар жасалғаны көрсетілді. Журналистер радиомузейдің кәсіпорын мамандары жасаған таңғажайып экспонаттарын тамашалады.

РҒБО баспасөз қызметінің хабарлауынша, келесіде Алматы облысының Көктерек ауылында орналасқан жер үсті резервтік басқару кешеніне журналистер саяхатын ұйымдастыру жоспарланып отыр.



Соңғы жаңалықтар