Журналистер меморгандардың қымбат жиһаз сатып алуына тосқауыл қойды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының мораторийінен кейін мемлекеттік органдардың қымбат жиһаз сатып алу фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні қымбат жиһаз сатып алуға қатысты ондай мысалдар жоқ. Өйткені, автокөлік сияқты жиһаздарды сатып алуға да мораторий жарияланған. Дегенмен, мораторий белгіленгенге дейін, осы нормативтік-құқықтық актілер шыққанға дейін сатып алынған жиһаздар бар», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар департамент директоры бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мемлекеттік органдардың қымбат жиһаз сатып алуына тосқауыл бола алғандығын да айтты.

«Қазіргі уақытта әрбір жайтқа қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының дереу үн қатып, сатып алуларға мониторинг жасап отыратындығы қуантады. Бюджеттік бағдарламалардың басым бөлігі БАҚ-та жарияланым шыққаннан кейін өз еріктерімен сатып алулардан бас тартып, тендерді алып тастап жатыр», - деді Сәбит Ахметов.


Соңғы жаңалықтар