+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Журналистер Бақытбек Есентаевтың сотын жүргізген судьяның үстінен арызданбақ

2016 жылғы 3 қараша 21:42
Бөлісіңіз:
Журналистер Бақытбек Есентаевтың сотын жүргізген судьяның үстінен арызданбақ

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бақытбек Есентаевтың жабық режімде қаралған сот залының есігі журналистер үшін сол беті ашылмады. Алайда, үкім оқылғанда БАҚ өкілдері сот залына кіруі тиіс еді. Бірақ, журналистердің бұл құқығы сақталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен таңертең Алматы облыстық сотының баспасөз қызметінің өкілі Айнаш Рахимоваға звондап ескерттім. Біз үкім оқылғанда сот залына кіруге құқылы екеніміз жөнінде айттым. Себебі, сот жабық түрде қаралса да үкім оқылғанда БАҚ өкілдері қатысады. Айнаш Рахимова менің талабымды түсінді және журналистердің сот залына кіруін қадағалап, ұйымдастырып беретінін айтты. Одан кейін мен істі жүргізіп жатқан судьяның хатшысын да шақырып алып, ескерттім. Ол әрине, БАҚ өкілдері сот үкімі оқылғанда залға кіреді деді. Ал соңында міне көріп отырсыздар. Біз бұл жайтты бұлай қалдырмаймыз. Судьяның үстінен арыз жазамыз», - деп мәлімдеді журналист Әлия Ахмедиева.

Телеоператорлар да өз наразылықтарын білдіруде.

«Сот жабық болғандықтан видео жинау оңай емес. Есіктің алдында тұрдық. Сот залына кірсек біз тәуір видео да жинайтын едік. Ал қазір менде видео да жоқ. Менің табысым түсірген видеоға байланысты бағаланады. Енді судьяның үстінен арыз жазғаннан басқа амал жоқ», - деп оператор Сыйхат Хасенде өз өкпесін білдірді.

Сондай ақ кейбір БАҚ өкілдері Бақытбек Есентаевтың сотында мемлекеттік айыптаушы Арыстан Аликеновтың сотталушыны 15 жылға соттауды сұрағаны жөнінде жазған. Тағы да бір топ журналистер бұл ақпараттың қайдан шыққаны жөнінде аң-таң. Ал, барлық БАҚ өкілдеріне процесс жабық түрде өтіп жатқандықтан, прокурордың қанша жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрағандығы жөнінде жария етілмейді. Бұл заңға қайшы деп, облыстық соттың баспасөз қызметінің өкілі журналистерге шегелеп тұрып айтып, ескерткен еді. Бірақ, ақпарат тағы да тарап кетті. Алайда, Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметі аталған жайт бойынша ешкім сұхбат бермегенін айтты. Және бұл жайтты анықтаймыз деп жеткізді.

Енді құқықтары тапталған журналистер судья Берікжан Байжүнісовтың үстінен арыз түсіреді. Және қандай шара қолданылатынын жіті назарда ұстайды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Бақытбек Есентаевтың соңғы сот отырысы өтті. Адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылған Бақытбек Есентаев 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кету керек, 10 маусымда Бақытбек Есентаев әйелі Баян Есентаеваны соққыға жығып, пышақтаған. Белгілі продюсер ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Қазір Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуін толықтай кешірді және бас бостандығынан айырмауды да сұраған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT