Журналистер арасындағы шағын футболдан С.Бердіқұлов атындағы турнирде «ҚазАқпарат» агенттігінің шығарушы редакторы Ербол Жанат «Үздік шабуылшы» атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін халықаралық спорт журналистері күні мерекесіне орай ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған турнир өтті.

Турнирге «ҚазАқпарат» агенттігінің командасымен бірге «Астана» телеарнасы, «Әлжан», «Қазақстан Ұлттық арнасы», «Казконтент», «Қазмедиа», «Хабар Астана», «ПОЛК-ТВ», «ОҚО», «Алматы құрамасы», «Қызылжар», «24 КЗ», «Егемен Қазақстан» газеті, «Ассоциация», «National Geographic», «Хабар Алматы», «Евразия ТВ», «Қазақ радиосы», «KazSport» телеарнасынан құралған жалпы 19 команда қатысқан болатын.

Турнир қорытындысында «Хабар Астана» командасы бірінші орынды жеңіп алды. «Алматы құрамасы» екінші орынға ие болды. Үшінші орында - ОҚО командасы.

"Қазақпарат» халықаралық агенттігінің командасы төртінші орыннан көрінді. Ал агенттіктің шығарушы редакторы Ербол Жанат «Үздік шабуылшы» сыйлығымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, қазақ спорт журналистикасының көрнекті өкілі Сейдахмет Бердіқұловты еске алуға арналған шағын футбол турнирі жыл сайын журналистер арасында өтеді. Биыл осымен 19-ші рет өткен бұл дүбірлі доданы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр.

Сейдахмет Бердіқұлов 1933 жылдың 9 мамырында Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Қарақастек қыстағында дүниеге келген. Қазақстандағы спорт жұлдыздарының табыстарын насихаттауға еңбек сіңірген. 1956 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1965 - 1970 жылдары «Қазақстан пионері» басылымының редакторы. 1970 - 1986 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінің редакторы, 1986 - 1994 жылдары «Жалын», «Балауса» баспаларының директоры болған. Шығармалары: «Сол орамал жоғалмайды» (1965), «Жүрек ұйықтауды білмейді» (1967), «Егеулі найза» (1969), «Жұмыр жерде теңбіл доп» (1969), «Аспаннан шұға жауған күн» (1975), «Мұңайып оянған қала» (1979), «№3 подъезд» (1980), «Пердесіз көңіл» (1983), «Арбаған мәні бір сиқыр» (1987).

Соңғы жаңалықтар