Журналистер арасында Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығына арналған байқау жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялайды. Конкурс «Бір белдеу, бір жол» бастамасының 5 жылдығына арналған.

Конкурстың мақсаты - Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту. Конкурсқа бұдан бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына,  XXI  ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруына, қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданады.

Конкурсқа Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады.

Үздік материалдарды қабылдау және жариялау жұмыстары 2018 жылдың 23 мамырынан 31 шілдесіне дейін «ҚазАқпарат» ХАА сайтында жүргізіледі.

1-10 тамыз аралығында конкурстың нәтижелері жарияланады. Кейін жеңімпаздар анықталады. Түрлі номинациялар бойынша 19 жеңімпаз марапатталады.

Конкурсқа түрлі жанрлардағы көлемі 10 мың белгіден аспайтын материалдар қабылданады. Конкурсқа ұсынылатын материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.

Қазақ және орыс тілдеріндегі материалдар мына мекенжай бойынша қабылданады: Индекс 010000, Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы 8, «Алтын орда» БО, «ҚазАқпарат» ХАА редакциясы («конкурсқа» деген ескертпемен) немесе  [email protected]  электрондық поштасы.

Қосымша ақпараттарды мына телефондарға хабарласып біле аласыздар
8 (71 72) - 95 40 68, 95 40 45.

Соңғы жаңалықтар