Журналист Тоқберген Әбиев қоғам мен биліктің назарын аударту үшін өзінің жоғалуын өзі ұйымдастырған - Астана қалалық ІІД

None
None
АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 31 желтоқсаны күні шұғыл-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде елордалық ІІД қызметкерлері Астана қаласындағы пәтерлердің бірінен із-түзсіз жоғалған журналист,

www.abiyev.kz жекеменшік ақпараттық-құқықтық порталының жетекшісі, «Халықтық жемқорлыққа қарсы комитет» ҚҚ президентінің орынбасары Тоқберген Әбиевтің орналасқан жерін тапты. Бұл туралы бүгін Астана қаласының Ішкі істер департаментінен мәлім етті.

Жоғалған журналисті іздеп-табуға Астана және Алматы қалалары мен облыстардың Ішкі істер департаменттерінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды, сондай-ақ оның фотосуреті мен сыртқы белгілері бар мәліметтер барлық БАҚ-тарға таратылды. Адам өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Кешенді шұғыл-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында тілші осы уақытқа дейін дім аман жасырынып келген пәтер анықталды. Оның өзімен бірге ноутбугы және ұялы телефоны болған.

С.Т.Әбиевтің берген түсініктемелерінен, ол жоғалуды қоғам мен билік органдарының назарын өзінің қызметіне аударту үшін өзі ұйымдастырғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар