Жүргізушілерге ескерту: кей өңірлерде көктайғақ болады - ҚР ІІМ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі қазақстандық жүргізушілерге ескерту жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның Фейсбуктегі ресми парақшасына сілтемемен.

«Құрметті жол жүрісіне қатысушылар! Алдымыздағы бірнеше күнде еліміздің кейбір өңірлерінде синоптиктер жолда қардың қалың түсуі мен көктайғақтардың болуын болжап отыр. Осыған байланысты, көлік құралының жүргізушілеріне жолда өте сақ болуы керек екенін, әсіресе балалардың білім ошақтарының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында жылдамдық режимін, ара-қашықтықты және Жол жүрісі қағидаларының басқа талаптарын сақтау керек екенін еске саламыз» делінген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар