Жүргізушілерге арналған интернетсіз жұмыс істейтін қосымша әзірленіп жатыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде жол бойындағы нысандар туралы мәлімет беретін қосымша әзірленіп жатыр. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК басқармасы төрағасының орынбасары Ержан Өтебаев елордада өткен брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта мобильді қосымша әзірленіп жатыр. Ол жүргізушілерге өз бағдарын түзуге, жол бойындағы барлық нысандармен алдын ала танысуға мүмкіндік береді. Нысандардың рейтингісімен және пікірлермен танысып, демалу үшін қай жерге тоқтайтыныңызды алдын ала жоспарлай аласыз. Ең маңызды қосымша Интернетсіз де жұмыс істейтін болады», - деді Серік Ержан Өтебаев.

Оның атап өтуінше, қосымша осы жылдың желтоқсан айында барлық қолданушылар үшін қолжетімді болады.


Соңғы жаңалықтар