Жүргізушілердің салақтығы ұрлыққа себеп болады - полиция

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері автомобильдердің қосалқы бөлшектері мен жеке бұйымдар ұрлықтары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың алты айында Жамбыл облысында қылмыстық полиция басқармасының қызметкерлері автомобильдердің қосалқы бөлшектері мен жеке бұйымдар ұрлығының 19 дерегін ашты. 2017 жылдағы жалпы көрсеткіш 92 болатын. Ұрылар негізінен аккумулятор, автомагнитола, ұялы телефон сияқтыларды қолды етеді», - дейді ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, көбінесе ұрлыққа автомобиль иелерінің салғырттығы да себеп болады. Жамбыл облысындағы автомобильдердің көпшілігінде дабыл жүйесі орнатылмаған.

Жамбыл ІІД қызметкерлері үнемі базарларда, сауда орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтыққа шақырған буклеттер таратады әрі бұрын құқықбұзушылық жасап, профилактикалық есепте тұратындар да тексеріледі.

Соңғы жаңалықтар