Жүргізушілер полицейлерге қарсылық көрсетіп, жабық трассаға шықпақ болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында жолдың жабылуына байланысты автотрассаға шығуға тыйым салған полицейлерге қарсылық көрсеткен жүргізушілер жазалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Қарағанды облысында «Нұр-Сұлтан-Теміртау» тасжолында болған.

«Мұнда ауа райының қолайсыздығы мен жаңбырдан кейінгі көктайғаққа байланысты «ҚазАвтоЖол» ҰК»АҚ 26 ақпанда сағат 20:45-тен бастап барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу қойған еді. Алайда, белгіленген шектеулер мен тыйымдарға қарамастан, бірқатар жүргізуші денсаулығы мен жолаушылардың өмірін қатерге тіге отырып, сапарын жалғастыруға тырысты. Полиция жабық тұрған тасжолға шығудың алдын алу үшін шаралар қабылдады», - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін екі «Газель» және «Hyundai» жеңіл автокөліктерінің жүргізушілері жауапқа тартылып жатыр. Жүргізушілердің біріне сондай-ақ, полиция қызметкерін көлігімен қасақана басуға тырысу айыбы тағылмақ.

«Оқиғаның басқа қатысушылары анықталды және олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады. 28 ақпанда сағат 13:00-де жол қозғалысына шектеу алынып тасталды. Қазіргі уақытта жол ашық», - деді ІІМ-нен.


Соңғы жаңалықтар